Ақтөбеде пойыз бен тепловоз соқтығысты

Ақтөбеде пойыз бен тепловоз соқтығысты
сурет: ашық дереккөзден алынды

Қазіргі кезде жолаушыларға ыстық тамақ жеткізілді.

Төтенше жағдай бүгін Біршоғыр станциясында болған.

Зардап шеккендер жоқ. 

«Маневрлік локомотив «Бішкек-Самара» бағытында қатынайтын №317 жолаушылар пойызының тепловозымен соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар пойыз құрамындағы басқа вагондарға ауыстырылды", - деп хабарлайды «ҚТЖ ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Оқиға орнында Шалқар станциясының қалпына келтіру пойызының күшімен жұмыстар жүргізілуде. Оқиғаның орын алуы себептерін «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясы тексереді. Алдын алғы болжам бойынша – кінәрат маневрлік локомотив бригадасынан болған. 

Қазіргі кезде рельстен шыққан «Бішкек-Самара» пойызының жолаушыларына ыстық тамақ жеткізілді. Оларды дәрігерлер де қарап шықты.