Ақтөбеде әскерилер су тасқынынан кейін дезинфекция жүргізеді

Ақтөбеде әскерилер су тасқынынан кейін дезинфекция жүргізеді
Сурет: gov.kz

Ақтөбеге Қарулы күштер "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелерінің 50-ден астам әскери қызметшісі келді. Олар су тасқынының салдарын жоюға қатысады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Әскерилер су тасқыны салдарын жоюға көмек көрсету үшін 16 арнайы техникамен келді. Әскери қызметшілердің негізгі міндеттері - дезинфекция жүргізу және су тасқынына қарсы зардаптарды жою.

"Су тасқынынан кейін учаскелерді дезинфекциялау жұмыстары дүйсенбі, 22 сәуірде басталады" - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.