Ақтөбе облысында жоғалған екі оқушы қыз табылды

Ақтөбе облысында жоғалған екі оқушы қыз табылды
Сурет: polisia.kz

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған әпкелі-сіңлілі қыздарды Хромтау қаласынан тапты, деп хабарлады polisia.kz.

«Қыздар полиция бөліміне жеткізіліп, олардың әжесі шақырылды. Полиция департаменті кәмелетке толмағандарды іздеуде көмек көрсеткен еріктілер мен барлық оқиғаға бей-жай қарамайтын азаматтарға алғысын білдіреді», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 17 қарашада сағат 17:00 шамасында екі оқуш Ақтөбе облыс Қобда ауданы Бесқұдық ауылынан шығып, хабарсыз кеткен.