Ақтөбе облысында 23 адам құтқарылды

Ақтөбе облысында 23 адам құтқарылды
сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Жолда қалып қойған 20 адамның үшеуі - бала.

Ақтөбе облысында құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты 23 адамды эвакуациялады. Өңірде дабылды ескерту жарияланған, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

15 сәуірде 112 пультіне Хромтау ауданы Самара-Шымкент автожолының 820 шақырымында жолаушылар мінген автомобиль жолдан шығып кетіп, эвакуациялау қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел түрде Хромтау ауданының құтқарушылары мен жол талғамайтын ТРЭКОЛ құтқару техникасы жіберілді. Авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 20 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылып, Хромтау қаласы мен Ақжар ауданына жеткізілді.

Сол күні сағат 23:50-де Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің Сағашиілі ауылының аумағында бұзылған жеңіл автокөліктен адамдарды эвакуациялау қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде Мұғалжар ауданының құтқарушылары 3 адамды құтқарып, Қандыағаш қаласына жеткізді.