Мемлекет басшысы отбасының цифрлық картасын енгізуді тапсырды

Мемлекет басшысы отбасының цифрлық картасын енгізуді тапсырды
Сурет: Shanyraq.info

Елімізде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетудің маңызы зор.

Бұл ретте Үкімет әлеуметтік қолдауды барынша атаулы ете отырып, оның белсенді форматына көшуі қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, отбасының әлеуметтік картасы байыпты бағдарламаға айналып, іс жүзінде нәтижелі болуы тиіс. Жобаның алғашқы тұжырымдамасы бірнеше ведомствоның қатысуымен сан мәрте өзгерді. Сондықтан жыл соңына дейін Үкіметке Отбасының цифрлық картасын іске қосып, әлеуметтік әмиянды енгізуді тапсырамын, - деді Президент.