Ревакциналау азайғаннан кейін жағдай күрт нашарлады

Ревакциналау азайғаннан кейін жағдай күрт нашарлады
Сурет: Gazeta.ru

Шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету керек.

Сондықтан Премьер-Министр Әлихан Смайылов әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакциналау жұмыстарын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Күн сайын республика бойынша 3 мыңға дейін жағдай тіркеледі. Бұл — өте жоғары көрсеткіш. Шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету керек. Маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты алдын алудың негізгі шаралары қатаң сақталуы керек. Вакциналау мен ревакциналаудың төмен қарқыны эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына алып келеді. Сондықтан әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакциналау жұмыстарын жандандыруды тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.