Сайран көліне қатысты мәселе қалай шешілетіні айтылды

Сайран көліне қатысты мәселе қалай шешілетіні айтылды
Сурет: Voxpopuli.kz

Сайран көлінің бөгеттеріне көпфакторлы зерттеу жүргізілді. 

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындармен кездесу барысында Сайран көлін абаттандыру мен түйткілді мәселелерді шешуге жеке-жеке тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әкімнің айтуынша, абаттандыру жұмыстары кездінде  көлдің түбін тазарту және жағалау аймағын ретке келтіру қарастырылғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда Сайран көлінің бөгеттеріне көпфакторлы зерттеу жүргізілді. Биыл шілде айында жобалық-сараптамалық жұмысқа қатысты мемлекеттік сараптаманың қорытындысын аламыз. Жағалау аймағын ретке келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өту мәселесі қыркүйек айында аяқталады деп ойлаймын», - деді Ерболат Досаев.

Мегаполис басшысы III тоқсанда Сайран көлінің түбін тазарту және абаттандыру үшін құрылыс-монтаж жұмысына қаржы бөлу мәселесі көтеріледі деп атап өтті.