Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан ойынға оралады

Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан ойынға оралады
Сурет: Sportx.kz

Ол ұзақ үзілістен Премьер-Лигадағы мансабын жалғастыруы мүмкін. 

Белгілі қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан допинг дауынан кейін спорттан шеттетілген болатын. Ұзақ үзілістен Премьер-Лигадағы мансабын жалғастыруы мүмкін, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап. 

«Күзде Бауыржан Исламханның дисквалификациясы аяқталады, бірақ қазір КПЛ клубтары арасында ойыншы үшін қызу талас басталды. Маусым аяқталғаннан кейін Исламханға ұсыныс жасауға білек сыбана кірісейін деп тұрғандар көп. 29 жастағы жартылай қорғаушының басты үміткерлерінің бірі  – «Тараз», – деп жазады дереккөз.