Пневмония мен коронавирустан тағы 18 адам қайтыс болды

Пневмония мен коронавирустан тағы 18 адам қайтыс болды
Cурет: Ашық дереккөз

Министрлік мәліметі

Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 18 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 28 қаңтарда елімізде пневмония 173 (27 қаңтарда 144 адамда тіркелді) адамнан анықталды, 2 адам қайтыс болды.

Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 28 қаңтарға дейін коронавирус пневмониясы 86 311 адамнан анықталды, көз жұмды – 5 264 науқас.
Сондай-ақ министрлік мәліметіне сүйенсек, 29 қаңтарда коронавирус инфекциясының 9475 (28 қаңтарда 11 753 адамнан анықталды) жағдайы тіркелді. Қайтыс болды – 16 адам.

Жалпы, 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 28 қаңтарға дейін елімізде 1 225 997 адам коронавирусқа шалдықты. Қайтыс болды – 13 226 науқас.
Айта кетейік, кеше министрлік коронавирус пен пневмониядан елімізде 18 адам қайтыс болғанын мәлім еткен еді. 28 қаңтарда 24 адам көз жұмды.