Ақтөбе мен Атырауда ауа ластанады

Ақтөбе мен Атырауда ауа ластанады
almaty-akshamy.kz

Бүгін Қазақстанның 2 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды  «Қазгидромет» РМК..

«2023 жылғы 7 тамызда Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.