Ақсу-Жабағылы тауларында Қызыл кітапқа енген қоңыр аю видеоға түсіп қалды

Ақсу-Жабағылы тауларында Қызыл кітапқа енген қоңыр аю видеоға түсіп қалды

Түркістан облысындағы Ақсу-Жабағылы қорығында Тянь-Шань қоңыр аюының видеосы пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Аюды блогер Айбар Төлеубеков камерасы бар дронның көмегімен түсіріп алған.

 «Біз Ақсу-Жабағылы қорығының аумағына кірмес бұрын рұқсат алдық. Біздің мақсатымыз - табиғаттың сұлулығын түсіру болды. Дронмен видео түсірген кезде аю мен оның қонжығы кездейсоқ түсірілгенін байқадым», - деп бөлісті видео авторы. 

Табиғат туралы Tabigat Media онлайн-басылымның мәліметінше, қоңыр аюдың шағын түрі саналатын Тянь-Шань қоңыр аюы видеоға түскен. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ақсу-Жабағылы – Қазақстандағы ең ескі және ЮНЕСКО биосфералық қорығы мәртебесін алған Орталық Азиядағы бірінші қорық. Ол Батыс Тянь-Шань сілемдерінде теңіз деңгейінен 1 000-нан 4 280 метрге дейінгі биіктікте орналасқан.