Ақшаны қайда жинаған дұрыс?

Ақшаны қайда жинаған дұрыс?
Сурет: ашық дереккөз

Қандай депозит тиімді?  

Ranking.kz сайтында банктердегі депозиттер бойынша пайдалы материал жарық көрді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Дәулеттен телеграмм каналының мәліметі бойынша, Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған депозиттердің үш түрі бар:

1) мерзімді емес (ақшаны еркін толықтыру және алу)

2) мерзімді

3) жинақтаушы.

Қаражатты жинақтау мен көбейтудің ең тиімді нұсқасы — жинақтаушы депозиті. Бұл теңгедегі депозиттер арасында ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар алынбайтын депозит. Жинақтаушы депозит өз ақшасын мөлшерлемені белгілей отырып, ұзақ уақыт бойы инвестициялауды жоспарлайтындар үшін қолайлы. Депозиттік кезеңде ақшаны пайдаланбау керек, өйткені мұндай депозит қаражатты толықтыру немесе алу мүмкіндігін қарастырмайды. Ranking.kz деректеріне сүйенсек, бүгінгі таңда мұндай депозитті 11 банк ұсынады және бұл өнімді 9 екінші деңгейлі банктерден (ЕДБ) онлайн режимінде алуға болады. Жалпы, мерзімдер 3 айдан 2-3 жылға дейін өзгереді. 1 және 2 жыл мерзімімен жинақтау статистикасы келесіні көрсетті

    Екі жағдайда да Қазақстандағы жалғыз «еуропалық» Home Credit Bank өнімі «Сберегательный Хоум» ЖТСМ мөлшерлемесі бойынша көш бастап тұр. Бір жылға депозит ашса 16,9%, екі жылға 14,3% ЖТСМ ұсынады. Депозитті 24 айға дейін ашуға болады. Ал алты айға мөлшерлеме 17,8% құрайды.   Депозиттер бойынша толық ақпарат жиынтық кестеде көрсетілген. Мұқият оқып шығыңыздар.  

Ranking.kz еске салады: реттеушінің базалық мөлшерлемені төмендету ықтималдығын ескере отырып, қазақстандықтар қазіргі мөлшерлемені пайдалана отырып тезірек депозит ашып алғаны жөн.