АҚШ-та «омикронның» жаңа түрі тез таралуда

АҚШ-та «омикронның» жаңа түрі тез таралуда
сурет:delfi.lt

Жаңа вирус әлемдегі 30-ға жуық мемлекетте анықталды.

Covid-19 омикронның жаңа нұсақасы XBB.1.5 деп аталатын вирус АҚШ-та тез тарап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz lenta.ru сілтеме жасап.

Соңғы төрт аптада АҚШ-та COVID-19 жағдайларының 41 пайызын XBB қосалқы түрі құрады. Ал екі апта бұрын бұл көрсеткіш шамамен 10 пайызды құраған болатын. 

«Омикронның жаңа қосалқы түрі қаншалықты жұқпалы, осы мәселе бізді қатты алаңдатады», - деді эпидемиолог, ДДСҰ қызметкері Мария ван Керхове. Ол бұған дейінгі вирустарға қарағанда, оның жұқпалы әрі жасушада бірден көбейетінін айтып отыр.

«XBB.1.5 вирусы басқаларына қарағанда тез тарайтынын көріп отырмыз. Бірақ бізде оның ауырлық дәрежесі туралы нақты көрсеткіш жоқ. Сондықтан біз әлем бойынша осы нұсқаны жұқтырған науқастардың мәліметтерін қарастырамыз», - деп мәлімдеді.

Аурудың алдын алу және бақылау орталығының мәліметі бойынша, бұл штамның жұғуы соңғы апталарда 4%-дан 41%-ға дейін артып кеткен. Қазір ғалымдар омикроннан кейін мутациаланған бірнеше вирусты зерттеп жатыр. Бірақ осы ХВВ.1.5 басқа штамдарға қарағанда көп өзгергенін айтады. Сондықтан вакцина мен антидененің әсері болмауы мүмкін.