Ақселеу Сейдімбекке еңселі ескерткіш қойылады

Ақселеу Сейдімбекке еңселі ескерткіш қойылады
ulytaunews.kz

Ескерткіш демеушілер қаражаты есебінен орнатылады

Жаңаарқа ауданының орталығында белгілі жазушы, әдебиет зерттеушісі, сазгер, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақселеу Сейдімбекке еңселі ескерткіш қойылады.

Демеушілер қаражаты есебінен орнатылатын ескерткіштің эскиздік жобасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы монументалды өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссиясында қолдау тапты.

Бұл шешімнің көрнекті ғалымның туған күнімен тұспа-тұс келгенін де атап өткен жөн.

Ескерткіштің жалпы биіктігі – 3,9 м, тұғырдың биіктігі – 1,7 м.

Алаштың Ақселеуіне ескерткіш орнату 2024 жылы жүзеге асырылады.