Ақсақалдар бата беруден жарысты

Ақсақалдар бата беруден жарысты
Сурет: ҚМДБ

Шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, ел амандығы үшін дұға жасалды.

Алматы облысы Іле ауданының Түймебаев ауылында «Батаменен ел көгерер...» атты ақсақалдар арасында сайыс өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батагөй ақсақалдар ауданның жиырма төрт ауылынан жиналыпты. Қариялар әр түрлі тақырыпта баталарын берді. Жүзден жүйрік шығып, әр түрлі тақырыптағы батасымен елді таңғалдырған Тойбекұлы Абдуәли ауылдық мешітінен Қылышбаев Қайратдин ақсақал иеленді ( 30000 теңге). Ал үшінші орын Әріпбай есімді ақсақалға бұйырды (20000теңге).

Қатысушы барлық ақсақал алғыс хатпен марапатталып, сыйлық алды. Сайыс соңында мерекелік дастархан жайылды.