Берлинде қазақ суретшісінің картиналары таныстырылды

Берлинде қазақ суретшісінің картиналары таныстырылды
Сурет: Colormondays-ru.livejournal.com

Германияда қазақстандық суретшінің көрмесі ашылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай - 30 туынды. Германия астанасында суретші Мадихан Қалмахановтың жеке көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Берлиндегі галереялардың бірінде қанат жайған экспозицияда қазақтың тазысы, тұлпарлар бейнеленген картиналар қойылды. Сонымен қатар келген қонақтар натюрморт, пейзаж, портрет жанрларындағы туындыларды да тамашалай алады. Көрме қараша айының соңына дейін жалғасады.

«Осы туындыға жоғары баға берген бір неміс суретшісі болды. Ол әйнектің шағылысуын үлкен шеберлікпен екінің бірі жеткізе алмайтынын, бұған көзі өткір, қолы алтын және шығармашылық әлеуеті зор суретшінің қабілеті ғана жететінін айтқан еді. Қазақстанға деген қызығушылық ұлғаюда. Қазақ өнерін әлемдік шығармашылық әлеміне қосылған ең қызықты және ерекше өнер деп атар едім», - дейді Ars Pro Dono галереясының негізін қалаушы Алексей Шрайнер.