Қазақстан құрамасы самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатында үшінші орын алды

Қазақстан құрамасы самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатында үшінші орын алды
24.kz

15-17 қазан аралығында Грекияның Салоники қаласында самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионда Қазақстан құрамасы үшінші орын алды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бәсекенің соңғы күні 10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынып, қазақстандықтар соның алтауында медаль жеңіп алды. 80 келіден жоғары салмақта Аида Тойшыбекова финалда ресейлік Алиса Павлованы айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды. Осыдан кейін 79 келіде сынға түскен Алмас Уәли финалда ресейлік Илья Затылкинмен күш сынасып, қарсыласына жол берді. Сондай-ақ Гүлзира Құдасбек (59 кг), Аружан Сатова (65 кг), Бексұлтан Дүйсенов (71 кг), Ажар Асхат (80 кг) қола жүлдеге ие болды.

Жалпыкомандалық есепте жастар құрамасы ұлдар мен қыздар арасында Ресей мен Өзбекстаннан кейін үшінші орынға жайғасты.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатының алғашқы күні қазақстандық самбошылар 3 жүлдеге қол жеткізген. Аман Бақытжан 58 келіде ақтық сында украиналық Максим Бабичтен басым түсіп, чемпион болды. Ал Нурилә Асанқызы (+80 кг) мен Алдияр Қарағұлов (53 кг) үшінші орын алды. Екінші күні ұлдар арасында 88 келідегі Құдірет Досымов ақтық сында ресейлік Максим Мержляковқа, қыздар арасында (59 кг) Ақтоты Зәріп украиналық София Бординскихке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Айкүн Рахметова (50 кг), Әлпеш Изенбай (54 кг), Нұрым Қайроллин (58 кг), Есентай Имаханов (64 кг), Анель Қайратқызы (65 кг) қола медальге ие болды.