Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы алаңында Мәжіліс депутаттары азаматтарды қабылдайды

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы алаңында Мәжіліс депутаттары азаматтарды қабылдайды
Twitter

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы алаңында Мәжіліс депутаттары азаматтарды қабылдайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы Мәжіліс депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесін жариялады. Карантиндік шектеулерді ескере отырып, олар қоғамдық қабылдау алаңында онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды партияның қалалық филиалының баспасөз қызметі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері өңірлерге жұмыс сапарлары аясында азаматтарды қабылдайды. 22 ақпанда мәжілісмендерден Сырым Адамбаев, Қанат Нұров, Айгүл Құспан және Жұлдыз Сүлейменова азаматтарды қабылдайды. Ал 23 ақпанда Бекқали Торғаев, Айдос Сарым, Артур Платонов, Елнұр Бейсенбаев және Мәди Абылайұлы қабылдау жүргізеді.

Қабылдауға жазылу үшін:

  1. Call-орталығы: 8 (727) 279-78-00
  2. WhatsApp: 8 777 640 78 52

Естеріңізге салсақ, 2021 жылы партияның Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 8605 адам жүгінген (2020 жылы 35 мың адам). Қарау нәтижелері бойынша 57% оң шешімін тапты, 41% - ға түсініктеме берілді және 2% бақылауға алынды. Қоғамдық қабылдау алаңдарында 1068 қабылдау өткізіліп, 4068 адам қабылданды.