Ақпараттық қауіпсіздік мамандарын Алматы ІІМ академиясында дайындайды

Ақпараттық қауіпсіздік мамандарын Алматы ІІМ академиясында дайындайды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Болашақ IT-криминалистерді, ақпараттық жүйелердің инженер-бағдарламашыларын ІІМ академиясында дайындайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ІІМ Алматы академиясы басшысының орынбасары Ержан Бимолданов айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Спикер атап өткендей, 2023 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет IT-криминалистика бағыты бойынша оқыту үшін курсанттарды қабылдау қалыптасты. Мұндай тәсіл Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары жүйесі үшін IT саласындағы жаңа мамандарды даярлауды және қолда бар мамандарды қайта даярлауды қамтамасыз етеді.

«Ішкі істер министрлігі басшылығының тапсырмасы бойынша біз IT-бағыттағы cалалық мамандарды - IT-криминалистер, ІІО ақпараттық жүйелерінің инженер-бағдарламашылары, криминалдық полиция желісі бойынша IT-қызметкерлерді оқытуға көштік. Аталған бағыттар бойынша оқыту процесі ақпараттық технологиялар, IT-инфрақұрылым, бағдарламалау, ақпараттық қауіпсіздік, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл негіздері саласындағы модульдер мен пәндер бойынша күшейтілген даярлықты көздейді», - деді Е.Бимолданов. 

Осылайша, академияда киберполигон, киберлаборатория және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша мамандар даярлау орталығы ашылды, онда кәсіптік оқыту бағдарламалары бойынша арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқытылады. Сондай-ақ киберқауіпсіздік және ақпараттық жүйелер кафедралары, киберқылмыстарды ашу және тергеу кафедралары бар. 

Осы бағыттар бойынша оқыған түлектер киберқылмыстарды ашумен және тергеумен айналысатын полиция департаментінің арнайы бөлімшелерінде жұмыс істейтін болады.

Ведомстволық ЖОО-да олар өз ресурстарымен шектелмейді, сонымен қатар сабақтарды өткізуге жетекші халықаралық, шетелдік және ұлттық IT-мамандарды белсенді тартады. Ұлттық және шетелдік жоғары оқу орындарымен, сондай-ақ жетекші отандық IT-компаниялармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

«Бір оқу орнының күш-жігері бүкіл елдің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Киберқауіпсіздік мамандарын даярлау бойынша бүкіл науқанды өткізу үшін әскери және арнайы оқу орындарының максималды санының күш-жігерін біріктіру өте маңызды. Осыған байланысты Алматы академиясы әскери, арнаулы оқу орындары үшін киберқауіпсіздік бойынша білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі декларацияның жобасын әзірледі», - деді спикер.

Соңында Ержан Бимолданов талапкерлерге ҚР ІІМ Алматы академиясына түсуге шақырды.

«Біз қазіргі уақытта полиция қызметі ұсынатын мүмкіндіктерді алуға, сонымен бірге өз патриотизміңізді көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи білім береміз. Біз өз еліміздің болашағы үшін, өз мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін шынымен не алаңдауымыз керек екендігі туралы ойлану. Егер тиісті тілек болса, біз сізге келуге, оқуға, жоғары деңгейлі маман болуға көмектесу үшін барынша күш саламыз. Және мақсатымыз - алдағы уақытта қоғамға, мемлекетке және өз халқына пайда әкелу», - деп толықтырды ол.