Ақпан айының соңына дейін Алматы қаласында ауа райы қолайсыз болатыны ескертілді

Ақпан айының соңына дейін Алматы қаласында ауа райы қолайсыз болатыны ескертілді
Cурет: Primechaniya.ru

ТЖД 112 СМС хабарламаларына мұқият қарауға шақырды

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметінше, Ақпан айының соңына дейін Алматы қаласында ауа райының құбылмалылығы, жоғарғы температурадан төменгі температураға күрт өзгеруі, қар аралас жаңбыр түрінде нормадан жоғары жауын-шашынның түсуі, сондай-ақ жоғары ылғалдылық, аяз, тұман және көктайғақ күтілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Құрметті алматылықтар! Ақпан айының соңына дейін Алматы қаласында ауа райының құбылмалылығы, жоғарғы температурадан төменгі температураға күрт өзгеруі, қар аралас жаңбыр түрінде нормадан жоғары жауын-шашынның түсуі, сондай-ақ жоғары ылғалдылық, аяз, тұман және көктайғақ күтілуде.
Осыған байланысты Алматы ТЖД-нің 112 СМС хабарламаларына мұқият қарауды, автокөлік жүргізу кезінде сақтық шараларын сақтауды, жылдамдықты азайтуды, қашықтықты сақтауды, кенеттен маневрлер мен тежелулерден аулақ болуды сұраймыз. Жолдың жүру бөлігінде және тротуарларда көктайғақ пайда болғанда жаяу жүргіншілер сақ болу керек, әсіресе баспалдақтардан төмен түсу және көтерілу кезінде.
Қымбатты Алматылықтар - сәл шыдамдылық танытайық, жақын арада біздің сүйікті қаламызда көптен күткен ұзақ және жылы кезең болатынын ұмытпаңыздар! Жақындарыңыз бен өз денсаулықтарыңызға абай болыңыздар!» делінген ресмихабарламада.