Ақмола облысында 3 мыңға жуық адам Қазақстан азаматтығынан айырылды

Ақмола облысында 3 мыңға жуық адам Қазақстан азаматтығынан айырылды
Сурет: Ашық дереккөз

Ақмола облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қос азаматтық фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«2022 жылдың басынан бастап Ақмола облысының аумағында қос азаматтығы бар 2 617 адамға қатысты азаматтығынан айырылды. Олар Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша айыппұл түрінде жаза қолданылған», - делінген хабарламада.

Ал Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған 44 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.