Ақын, журналист Серік Қалиев өмірден өтті

Ақын, журналист Серік Қалиев өмірден өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Белгілі ақын, журналист Серік Қалиев қайтыс болды. Бұл туралы Бекен Қайратұлы Facebookте жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Серік бауырым Алласына аттанған екен. Иманды жырларың мен игі амалдарың қабір жолдасың болғай, отбасына һәм туыс-туған, дос-жарандарына Жаратушы Ием сабыр берсін. Бір Алла қамқорына алғай досым. Алла Тағала о дүниеде сауабыңды, дәрежеңді арттырсын және күнәларыңды кешірсін. Алладан келдік, Аллаға қайтамыз", - деп жазды ол.

Серік Қалиев 1961 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Айтыскер ақын.