«Ақын екен -тағдырым»

«Ақын екен -тағдырым»
Cурет: Ербол Бейілханның фейсбук парақшасынан

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық поэзия академиясының академигі Ербол Бейілханның «Ақын екен - тағдырым»... атты  поэтикалық кездесу кеші өтті.

Ақынның 50 жасқа толуына орай ұйымдастырылған бұл кеште мектеп оқушылары мен студенттер ақынның шығармаларынан шағын композициялық көріністер қойып, өлеңдерін оқыды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталмыш кешке Алматы қаласында тұратын ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері мен өлең сүйер оқырмандар қатысып, ізгі тілектерін жолдап, шығармашылығына тоқталды. Кеште сөз алған ақын-жазушылар: Бақытбек Бәмішұлы, Ділдар Мамырбаева, Алтыншаш Жақиянова, Әлібек Шегебай, Бекжан Әшірбаев, Бақытжан Алдияр, Дәурен Берікқажы, Жәкен Омар, Қалмаханбет Мұқаметқали, Ырысбек Дәбей, Тоқтарәлі Таңжарық, Ерғали Бақаш, Бауыржан Әлқожа, Жазира Ахметова, Гүлжан Амангелдіқызы, Динара Мәлік т.б азаматтар Ербол ақынның шығармашылығына тоқталып, жыр оқыды. Ақынның кешіне белгілі сазгер, әнші Айгүл Бажанова мен әнші Өзгеріс Шерікбай әннен шашу шашты. Кешті, белгілі ақын Мұратхан Шоқан тізгіндеп отырды. Оқырман мен әріптестерінің ықыласына бөленген ақынға шапан жауылып, гүл сыйланды. Кешке жиналған қауым өлеңге сусындап, мәре-сәре боп қайтты.