Ақылы жолдан SMS келеді

Ақылы жолдан SMS келеді
Сурет: Іnformburo.kz

Елімізде 11 ақылы жол бар.

Ақылы жолдарда тағы бір қызмет енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

QazAvtoJol компаниясының мәліметіне сәйкес, Қазақстанда ақылы жолға кірген көлік жүргізушелеріне SMS-хабарлама жіберу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Пилоттық жоба аясында автокөлік иесіне ақылы жолға өткені туралы SMS-хабарлама түседі. Соның ішінде төлем әдістері туралы сілтеме де болады. SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді.

Олар:

Астана-Павлодар;

Шымкент-Қызылорда;

Шымкент-Ташкент;

Шымкент-Тараз;

Тараз-Қайнар;

Қонаев-Талдықорған;

Щучинск-Көкшетау;

Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде ("Астана-Щучинск"," Астана-Теміртау" ,"Алматы-Қонаев"," Алматы-Қорғас") SMS-хабарлама келмейді.

Айта кетейік, елімізде жалпы ұзындығы 2,200 шақырымды құрайтын 11 ақылы жол бар.