Әуезов ауданында жеті жүзден аса бейнебақылау камерасы орнатылады

Әуезов ауданында жеті жүзден аса бейнебақылау камерасы орнатылады
exk.kz

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту үшін 2022 жылы адамдар көп жиналатын орындарда (136 учаске) 359 бейнебақылау камерасы, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында 273 камера, мектептер мен колледждердің жанында 42, көше қиылыстарында 26, алаңдар мен мешіттерде 12, сондай-ақ парктер мен скверлерде 6 камера орнатылды. Барлық камералар полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған.

2023 жылы I тоқсанның соңына дейін 700-дей жаңа камера орнатылатын мекенжайлардың тізімі дайындалады. Көлік жүргізу тәртібін жақсарту үшін бүгінде 65 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (526 камера) жұмыс істейді. Бұдан басқа 2023 жылдың I тоқсанында көшелерге қосымша 84 «Сергек» орнату жоспарланып отыр.