Алматыда жастар арасында стенд атудан әлем кубогі өтіп жатыр

Алматыда жастар арасында стенд атудан әлем кубогі өтіп жатыр
сурет: Olympic.kz

Аталған дода 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

Алматыда жастар арасында стенд атудан әлем кубогі басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 
Olympic.kz жарияланған ақпарат бойынша,.А.Асанов атындағы ату клубында ISSF әлем кубогіне 10 елден 130 спортшы қатысып жатыр. 

Қазақстан, Италия, Франция, Кипр, Түркия, Швеция, Өзбекстан, Ресей, Испания және Грузия елінен командалар келген.