Әуе билетінің бағасы қымбаттайды

Әуе билетінің бағасы қымбаттайды
Сурет: Aikyn.kz

Демалушылар әуе жолының құны көтерілетініне дайын болуы керек.

Жанармай бағасы көтерілген сайын әуе билетінің де бағасы көтеріліп, шығын тұтынушыларға жүктеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BBC News-ке сілтеме жасап.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) бас директоры Вилли Уолш BBC Sunday Morning-ке «Ұшу тұтынушылар үшін қымбатқа түсетіні сөзсіз, мұнайдың жоғары бағасы билет бағасының қымбаттауына әкеледі» деді.

Жанармай бағасы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтеріліп, авиакомпаниялардың ең үлкен шығын элементіне айналды. Мұнайдың жоғары бағасы ақыры тұтынушыларға билет бағасының қымбаттауы түрінде берілетіні сөзсіз.

Демалушылар әуе жолының құны көтерілетініне дайын болуы керек. Мұнай бағасы коронавирус пандемиясынан қалпына келе бастаған елдерде сұраныстың артуына байланысты өсуде.

Сонымен қатар, АҚШ-тың және Ұлыбритания мен ЕО елдерінің ресейлік мұнай импортын кезең-кезеңімен тоқтату жоспарлары басқа өндірушілерден мұнайға сұраныстың артқанын білдіреді, бұл өз кезегінде бағаның өсуіне әкелді.