Әскери борышын өтегендерді еліміздің 50 университеті тегін оқытуға ниетті

Әскери борышын өтегендерді еліміздің 50 университеті тегін оқытуға ниетті
Сурет: 24.kz

Университетпен келісім жасасты.

Қазақстандағы 50-ге жуық университет мерзімді әскери қызметін атқарғандардың ҰБТ нәтижесінсіз, өз есебінен оқуытуға ниет білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі 50-ге жуық университетпен келісім жасасты. Оқу орындары мерзімді әскери қызметін атқарғандарды қолдауға және оларды университет есебінен оқуға мүмкіндік беруге ниет білдірді. Тізім өзгеруі мүмкін. Тағы да бұл ұсынысқа қосылуға ниетті университеттер болуы мүмкін», - деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Еске салайық, бұл уақытқа дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әскери борышын өтегендерге білім гранты немесе жеңілдіктер қалай берілетінін түсіндірген еді.