Әсем Орынбай Мароккода стендтік атудан өтіп жатқан әлем кубогында алтын медальды еншіледі

Әсем Орынбай Мароккода стендтік атудан өтіп жатқан әлем кубогында алтын медальды еншіледі
Сурет: Ашық дереккөз

Жарысқа әлемнің 45 елінен 250-ден астам спортшы қатысуда.

Орталық спорт клубы спорт комитетінің әскери қызметшісі 2023 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржынына алғашқы алтын медальды салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Спорт комитетінің сұрмергені Әсем Орынбай Мароккода стендтік атудан әлем кубогының чемпионы атанды. "Skeet" әйелдер санатындағы командалық есепте ол АҚШ командасы спортшыларының алдын орап, алтын медаль жеңіп алды.

2023 жылдың 11-24 қаңтар аралығында Рабат қаласында стендтік атудан әлемдік турнир өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 45 елінен 250-ден астам спортшы қатысуда. Қазақстан атынан 13 спортшы қатысып жатыр.

Мароккодағы Әлем кубогы халықаралық спорттық ату федерациясының кестесіндегі рейтингті көтеруге және Франциядағы 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия ұтып алуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир болып табылады.