Әнші Бесбаев боксер Тайсонмен не туралы сөйлескенін айтты

Әнші Бесбаев боксер Тайсонмен не туралы сөйлескенін айтты
Сурет: Inform.kz

Жүрегі жұмсақ, жаны таза жігіт екен.

Әнші Мейрамбек Бесбаев  Instagram-да АҚШ-тағы демалыс сапарынан видео жолдап, әлемге әйгілі боксшы Майк Тайсонмен телефонмен сөйлескенін жариялады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz cілтеме жасап.

«Білектің күшімен бүкіл әлемді таң қалдырған, аңыз адам Майк Тайсонмен телефонмен сөйлесудің сәті түсті. Жүрегі жұмсақ, жаны таза жігіт екен. Айтпақшы, кептер ұстайтыны бар екенін білетін шығарсыздар. Біздің кептершілер одағының мүшесі десең… Бас аман, бауыр бүтін болып, жақсы күндерде жолығайық. Оразаларыңыз қабыл болсын!» – деп жазды ол.