Әлихан Смайылов "CITIC Construction" компаниясының вице-президентімен кездесті

Әлихан Смайылов "CITIC Construction" компаниясының вице-президентімен кездесті
Сурет: Ашық дереккөз

Жол-көлік саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қытайлық "CITIC Construction" корпорациясының бірінші вице-президенті Ян Цзяньцянмен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ірі автожол жобаларын іске асырудың, атап айтқанда, қытайлық компания бас мердігер болып табылатын "Талдықорған – Өскемен" және "Қарағанды – Балқаш" республикалық трассаларын реконструкциялаудың, сондай-ақ жалпы жол-көлік саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр осындай маңызды инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы аяқтау және барлық учаскелер бойынша жол қозғалысын ашу қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары стратегиялық әріптестік рухында барлық жұмыстарды табысты аяқтау үшін туындайтын мәселелерді жедел шешуге дайын екендіктерін білдірді.