Криштиану Роналду саудиялық «Аль-Наср» клубына ауысады

Криштиану Роналду саудиялық «Аль-Наср» клубына ауысады
Сурет: Ашық дереккөз

Келіссөз аяқталуға жақын

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду 2023 жылдың қаңтар айында Сауд Арабиясының «Аль Наср» клубына ауысады деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Prosports.kz  сайтына сілтеме жасап.

Marca басылымының жазуынша, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Роналду «Аль-Наср» клубынан 2,5 жылдық келісімшарт туралы ұсыныс алғанын хабарлады. Ол жарнамалық келісімшарттарды қоса алғанда, жылына 200 миллион еуродан астам табыс табады.

Келіссөз аяқталуға жақын, өйткені бұл жолы ешқандай заңдық кедергілер жоқ. 1 қаңтардан бастап Роналду кез келген командаға ауыса алады.

Айта кетейік, қазір ойыншы Португалия құрамасымен бірге Катарда әлем чемпионатына қатысып жатыр. Португалия 1/8 финалда Швейцариямен кездеседі. Ал матч 6 желтоқсанда өтеді.