Әлемде қызметкерлердің 37%-ы ғана кеңселерде жұмыс істейді

Әлемде қызметкерлердің 37%-ы ғана кеңселерде жұмыс істейді
Сурет: Dialog-consult.ru

Қашықтан жұмыс істеу тәртібінің салдары қандай?

2030 жылға қарай кеңселерге арналған жылжымайтын мүліктің құны 800 миллиард долларға төмендейді. Бұл McKinsey консалтинг фирмасының сарапшылары жасаған болжам, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Олардың мәліметінше, қазір әлемдегі қызметкерлердің тек 37%-і офистерде жұмыс істейді. Сондықтан кеңселерге сұраныс айтарлықтай азайды. Сарапшылардың пікірінше, бұл әлем экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондай-ақ, құрылыс саласында жұмыс орындары қысқарады.