Әлемде алғаш рет иттерге арналған әуе компаниясы ашылды

Әлемде алғаш рет иттерге арналған әуе компаниясы ашылды
Сурет: Dixinews.kz

АҚШ-тағы өмір адамдарға ғана емес, иттерге де арман сияқты...

АҚШ-та иттерге қызмет көрсететін әуекомпаниясы ашылды. Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Лондон бағытындағы рейстер тек иттерді және олардың иесін тасымалдайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұшу және қону кезінде төртаяқтыларға арнайы сусын беріледі. Ұшақтың іші арнайы жастықтар, ойыншықтар мен жабдықталған. Бұл әуе компаниясы мамырдан бастап алғашқы рейстерін ұшырады. Билет құны орта есеппен 7 мың АҚШ доллар тұрады.