Ә.Қуантыров ірі шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізді

Ә.Қуантыров ірі шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізді
Сурет: ҚР Ұлттық экономика министрлігі

ҰЭМ басшысы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Citi Group банкінің үкіметтер мен мемлекеттік сектор жөніндегі жаһандық блогының басшысы Джули Монакомен кездесті.

Американдық банк өкілімен кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қаралды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Д.Монако Қазақстанның сыртқы сын-тегеуріндерді еңсеру, экономиканы әртараптандыру және баламалы маршруттарды, оның ішінде ТХКМ (Транскаспий халықаралық көлік маршруты) дамыту жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.

ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыровтың Dogan Holding директорлар кеңеснің төрағасы Бегюмхан Доган Фаральялы, сондай-ақ Mediterra Capital компаниясының тең құрылтайшысы әрі басқарушы серіктесі Ахмет Фаральялымен кездесуінде инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Нақтылап айтқанда, елімізде инвесторларды қолдау мен ынталандырудың қолданыстағы тетіктері таныстырылды.