Әділ және ашық сайлау өткізу үшін тиімді шешім іздеудің маңызы зор

Әділ және ашық сайлау өткізу үшін тиімді шешім іздеудің маңызы зор
akorda.kz

Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әділ және ашық сайлау өткізу үшін тиімді шешім іздеудің маңызы зор деп мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Cайлау үдерісін жаңғырту. Халықаралық тәжірибеде сайлауды ұйымдастыру жүйесі ұдайы өзгеріп отыратыны белгілі. Яғни, әділ және ашық сайлау өткізу үшін тиімді шешім іздеудің маңызы зор», - деген Мемлекет басшысы соңғы жылдарда бұл үдеріске ақпараттық және технологиялық факторлармен бірге коронавирус індеті де әсер етіп жатқанын атап өтті.

«Көптеген елдер дауыс берудің баламалы түрлерін пайдаланып жатыр. Яғни электронды, мерзімінен бұрын, қашықтан көп күндік дауыс беру тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Сондықтан әлемдегі үздік тәжірибелерді зерттеп, қажет болса, оны біртіндеп енгізген жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.