Адамзат 2040 жылы Марсқа ұшады - NASA

Адамзат 2040 жылы Марсқа ұшады - NASA
Сурет: Ашық дереккөз

Қызыл планетаға жету үшін сапар 7-8 жыл уақыт алады екен

АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасының (NASA) директоры Билл Нельсон адамдар Марсқа 2040 жылы ұша алады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Маман Марстың Айдан әлдеқайда алыс екенін еске салды. Мәселен, Айға жету үшін 3-4 тәулік жеткілікті болса, Марсқа бір реттік сапар 7-8 жыл уақыт алады.

Ал жетіп алған ғарышкерлер кемі 2 жыл Марсты мекендеуге тиіс. Себебі  планеталардың дұрыс орналасуын күтпесе, қайта алмайды. Нельсон ғарышкерлердің Марсқа қауіпсіз ұшуын қамтамасыз ету үшін көптеген дайындық қажет екенін атап өтті.