Адам миына қатысты қызықты 10 дерек!

Адам миына қатысты қызықты 10 дерек!
Сурет: Habr.com

Мидың біз біле бермейтін қырлары өте көп. Ми адам ағзасындағы жұмбаққа толы әрі күрделі органдарының бірі. Солардың кейбіреуін оқи отырыңыздар. 

  1. Ми ауруды сезбейді (ауырсынуды сезбейді).

Нейрохирургтар миға операцияны наркозсыз жасайтынын біліп пе едіңіз? Себебі мида ауырсыну рецепторлары жоқ. Бірақ олар мидың қабығы мен қан тамырларында болады. Сондықтан, адамның басы ауырған кезде мидың өзі емес, оның айналасындағы тіндер ауырады.

  1. Адам өзі ұйықтап жатса да, ми белсенділігін жоймайды.

Ұйқы кезінде ми да басқа органдар сияқты дем алатын болып көрінеді, бірақ іс жүзінде ол күндізгі уақытқа қарағанда, белсенді жұмыс істейді. Оның үстіне, бұл белсенділік адамның күндізгі уақытта жұмыс істеп, басқа да істермен айналысқан кезіне қарағанда жоғары болатын көрінеді. Сергек жүрген кезде ол альфа және бета толқындарын, ал ұйқы кезінде, әсіресе, оның бастапқы кезеңдерінде, тета толқындарын бөледі. Олардың амплитудасы басқа толқындарға қарағанда үлкен.

  1. Ми жасушалары бұл тек нейрондар ғана емес.

Бір нейронға онға жуық глиальды жасушадан келеді. Олар нейрондарды қоректік заттар және оттегімен қамтамасыз етіп тұрады, нейрондарды бір-бірінен ажыратады, метаболизм процестеріне және жүйке импульстарының берілуіне қатысады.

  1. Адам ғашықтық сезімін басынан кешіріп жүргенін МРТ-ға түсіру кезінде көруге болады.

Біреулер ғашық болу - бұл жай ғана тұжырымдама деп санайды, бірақ мидың МРТ суреттері оның керісінше екенін дәлелдейді. Бұл күйді бастан кешіріп жүрген адамдарда мидың рахатқа бөленуге байланысты аймақтары белсенді. Суреттерде адамды жағымды сезімге бөлейтін допамин-нейротрансмиттер бар жерлердің «жанатыны» байқалады.

  1. Ми шағын электр шамын жаға алатындай электр энергиясын бөледі.

Стэндфорд университеті ғалымдарының келтірген деректері бойынша, интеллект тұрғысынан алатын болсақ, компьютердің процессорының толыққанды жұмысы үшін кемінде 10 мегаватт электр энергиясы қажет екен. Мидағы нейрондар күн бойы бөлетін энергия шағын электр шамын жағуға жеткілікті. Оның үстіне, ми ең ақылды компьютерлерден әлдеқайда жылдамырақ жұмыс істейді.

  1. Мидың 60 пайызы майдан тұрады.

Ең көп майдан тұратын орган – ми. Сондықтан оның саулығы үшін пайдалы майлармен толыққан (омега-3 және омега-6) диета қажет. Одан бөлек, майлар қабынуды төмендетіп, иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі.

  1. Жүйке жасушаларына өмір сүру үшін глюкоза мен оттегі қажет.

Бұл екеуі адам миының жұмыс істеп, өмір сүруі үшін керек. Егер миға 3-5 минут көлемінде оттегі мен глюкоза жеткілікті мөлшерде бармаса, онда ми біржола семіп қалатындай бұзылушылықтар болады.  

  1. Адам миының жадының көлемі шексіз.

Адам миына соншалықты көп біліп және соншалықты ақпарат алып, оны сақтайтын орын таппау деген нәрсе мүмкін емес (әрине, ұзаққа созылған жиналыстардан кейін солай көрінуі мүмкін). Біздің миымызда компьютерлер мен телефондарға қарағанда орын ешқашан таусылмайды.

  1. Адамның бұлшық еттерін жаттықтырған сияқты миды да шынықтырып тұру керек.

Біз өзіміздің когнитивті резервімізді кеңейте аламыз немесе мидың туа біткен қабілетін түрлі оқу түрлері мен жаңа әсерлер көмегімен қалпына келеді. Когнитивті резерві әлдеқайда дамыған адамдар күтпеген тосын жағдайлардан оңай сытылып кетеді екен. Бірақ егер миды қозғамаса, ол резерв қысқара береді.

  1. Қысқа мерзімді жады (есте сақтау қабілеті) 20-30 секундқа ғана жетеді.

Айтқалы тұрған ойымыз кенеттен үзілгенде, неліктен кейіннен қайта еске түспейтінін ойланып көрдіңіз бе? Бұл мидың ақпараттың азғантай бөлігін ғана сақтап қалуымен байланысты. Ми ақпаратты тез еске түсіру үшін сақтайды, бірақ тек 20-30 секундқа ғана. Мысалы, сандар жадта орташа есеппен 7,3 секунд, ал әріптер 9,3 секунд сақталады.