Адам Бойсаев, «Вайнах» шешен этномәдени орталығының төрағасы: Президенттің Жолдауда айтқан міндеттеріне бейжай қарамау керек

Адам Бойсаев, «Вайнах» шешен этномәдени орталығының төрағасы: Президенттің Жолдауда айтқан міндеттеріне бейжай қарамау керек
Сурет: Оgnialatau.kz

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттары айтылды. Мемлекет басшысы республиканы дамытудың әрбір саласы туралы егжей-тегжейлі айтты.
Атап айтар болсақ, бүгінде бүкіл әлем үшін өзекті болып отырған денсаулық жайына ерекше тоқталды. Елдегі денсаулық сақтау жүйесін жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Бұл тақырып, өкінішке қарай, әлі де толығымен бәріміз жеңе алмай отырған коронавирус пандемиясы кезінде аса маңызды», - дейді «Вайнах» этномәдени орталығының төрағасы Адам Бойсаев.  
Спикер Жолдауда білім саласын дамыту мен қолдауға қатысты айтылғандардың маңызы зор екендігін атап өтті. Себебі, спикердің сөзінше, бүгінгі оқушылар мен студенттер – ертеңгі еліміздің болашағы. «Біздің мемлекетіміздегі өмір сапасы, елдің дамуы жастардың қандай білім алатынына байланысты»,- деп санайды Адам Бойсаев.
«Сонымен қатар, Президент өзінің баяндамасында еңбекақы төлемін қайта қарау және жалақыны ұлғайту сынды маңызды тақырыпты көтерді. Осы арқылы Мемлекет басшысы азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ниетті екенін білуге болады. Бұл көп нәрсені аңғартады.
Жалпы, Жолдауда болашақтың игілігі үшін біздің мемлекетімізді дамытудың барлық маңызды мәселелері айтылды», - дейді «Вайнах» шешен этномәдени орталығының төрағасы Адам Бойсаев.

Адам Бойсаевтың айтуынша, Қазақстан халқы Президенттің алға қойған міндеттерін орындауға бейжай қарамай, белсенді түрде қатысуы қажет.