Абай даңғылында көлік жүрісі уақытша шектеледі

Абай даңғылында көлік жүрісі уақытша шектеледі
Cурет: Ашық дереккөз

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 14 мамыр күні сағ.22:00 мен 15 мамыр күнгі сағ. 06:00 аралығында Абай даңғылының Алтынсарин даңғылынан Саин көшесіне дейінгі бөлігінің оңтүстік бетінде көлік жүрісі уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аталған бөліктің, яғни Абай даңғылының Алтынсарин даңғылынан Саин көшесіне дейінгі солтүстік бетінде жол жөндеу жұмыстары 15 мамыр  сағ.22:00-ден 16 мамыр күнгі сағ. 06:00-ге дейін жүргізіліп, жол уақытша жабылады»,-делінген хабарламада.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. 

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз»,-делінген хабарламада.