Абат Айымбетов «Адана Демирспор» футбол клубына ауысты

Абат Айымбетов «Адана Демирспор» футбол клубына ауысты
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Астана» футбол клубының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады.

Ол енді «Адана Демирспор» футбол клубында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Біздің Абат мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады. Ұлттық құраманың шабуылшысы Абат Айымбетов «Адана Демирспор» командасының ойыншысы атанды. Қос тарап 1.5+1 жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойды. Сәттілік серік болсын, Абат», делінген Қазақстан футбол федерациясының хабарламасында.

Түркиялық «Адана Демирспор» 2023-2024 футбол маусымында кестеде 20 команданың ішінде әзірге 8-орынға жайғасқан. Енді Абат Айымбетов Марио Балотелли, Нани сынды танымал футболшылармен бір клубта доп тебеді.

Абат түркиялық клубта «Миланның» экс-ойыншысы, сенегалдық М’Бая Ньянганың орнын басады.

Айта кетейік, Абат кейінгі ел чемпионатында «Астана» сапында 45 матч өткізіп, 10 гол соққан. 3 нәтижелі паспен көзге түскен.