8 трлн теңгеге - 8 мың шақырым

8 трлн теңгеге - 8 мың шақырым
Сурет: Baq

Елімізде Инфрақұрылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі Ұлттық жоспары бекітілді.

Оған сай 7 халықаралық көлік дәлізін тақтайдай қылу көзделген. Оның жалпы ұзындығы 8 мың шақырым. Жолдың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 8 триллион теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Qazaqstan.tv хабарлауынша, десе де инфляция шарықтап, жол құрылысы материалдары қымбаттап жатса, бұл қаржы 12 триллион теңгеге дейін көбейтілмек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері бұл еліміздің көлік транзиттік әлеуетін арттырып, табысты еселей түседі дейді.