9 наурызға арналған ауа райы болжамы

9 наурызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Елдің оңтүстік-шығысында қар, жауын-шашын болып, тұман түседі

Қазгидромет 9 наурыз күні болатын ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бейсенбі, 9 наурыз, күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, әсіресе, елдің оңтүстік-шығысында қар, жауын-шашын болып, тұман түседі.

Солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде түнде ауа температурасы 5-18 градусқа дейін төмендейді.