7-9 наурызда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

7-9 наурызда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады
Сурет: Ашық дереккөз

Еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 7-9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстан аумағымен батыстан шығысқа қарай Атлант циклоны жылжиды.

Синоптиктердің болжауынша, қар мен жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын, бұрқасын, екпінді жел және көктайғақ болады, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады.

Бүкіл кезең бойы шығыста, 7 наурызда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 8 наурызда оңтүстікте, 8-9 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Тек 8-9 наурызда батыста, 9 наурызда еліміздің орталығында жауын-шашын тоқтайды.

Республика бойынша тұман күтіледі.

Апта аяғында еліміздің солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде түнгі уақытта температуралық фон 7-17 аязға дейін, оңтүстік өңірлерде түнде 5 градус аяз - 5 градус жылыға дейін, күндіз 5-12 градус жылыға дейін төмендеуі болжанды.