608 мыңнан астам қазақстандық баспанаға мұқтаж

608 мыңнан астам қазақстандық баспанаға мұқтаж
Сурет: 24.kz

Бұл адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс жүргізіліп жатыр. 

ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Нәлібаевтың айтуынша, Қазақстанда 608 мыңнан аса қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүгінде еліміз бойынша әкімдіктерде баспанаға мұқтаж 608 мыңнан аса адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде әлеуметтік жағынан халықтың осал топтарынан 242 мың адам, 85 мыңнан астам көп балалы отбасы, 271 мыңнан астам бюджет саласының қызметкерлері, сондай-ақ 60 мыңнан астам ата-ана қамқорлығынсыз қалған адам тұрғын үй кезегінде тұр», - деді Әзімбек Нәлібаев.