5G желілері зиян ба?

5G желілері зиян ба?
stopfake.kz

Instagram-да 5G желілерінің зияны туралы видео шықты. Онда технология денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймай, COVID-19 болатын өлім-жітімді бақылауға да мүмкіндік береді делінген. Бұл шындыққа жалған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz stopfake.kz сілтеме жасап.

  1. 5G әсерінен құстар өліп жерге құлайды

Бұл радиофобтар жиі қолданатын танымал фейк. Шын мәнінде, 5G желілері құстар мен жануарларға мүлдем әсер етпейтіні ғылыми дәлелденген. Құстардың кенеттен жаппай қырылу жағдайлары аурулармен немесе ауа райы жағдайымен түсіндіріледі.


  1. Англияда 5G әсерінен балалардың мұрыннан және құлағынан қан кетті.

Бұл өтірік. Біріншіден, Англияда да, басқа жерде де мұндай жағдайлар тіркелген жоқ. Екіншіден. Бүгінгі таңда 5G желілері әлемнің мыңдаған қаласында орнатылған және тұрғындар ұялы байланыс бағаналарына жақындаған кезде өздігінен қан кетпейді. 5G желілері Қазақстанда да қолжетімді. Олар Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе және Ақтаудың кейбір аудандарында орнатылған.


  1. 5G желілерін қайта күйге келтірген соң COVID-19 екінші толқыны басталады және адамдар көшеде өледі.

Бұл тезис жалған. Біріншіден, әлемде COVID-19-дың екінші толқыны болды. Кейбір елдерде оның салдарынан қайтыс болғандар саны бірінші толқынға қарағанда әлдеқайда көп болды, бірақ бұл 5G технологиясымен байланысты емес. Сонымен қатар COVID-19 жұқтырған адамдар көшеде өлген жоқ. COVID-19 5G желілерімен байланысты деген теориялар – дәлелсіз және қастандық теориялары мен псевдоғылыми мәлімдемелерге негізделген. Фактчекерлер бұл туралы бірнеше рет жазған.


  1. 5G – бұл адамдарды басқаруға арналған құрал.

Бұл тезиске сәйкес адамдарға вакцинация түрінде электронды чиптер енгізілуге тиіс. Сонда 5G желілерін қолдана отырып, адамдардың иммунитетін «қосуға» және «өшіруге» болады. Мұның бәрі мүмкін емес. Сипатталған технологиялар жоқ. Оның үстіне COVID-19 қарсы вакцинаның бір құтысында бірнеше доза болады. Мысалы, Pfizer шығарған вакцинада алты доза бар. Яғни, теориялық тұрғыдан құтыда алты микроскопиялық чип болуы керек және препаратты алған кезде олардың біреуі ғана инеге енеді. Әрине, бұл мүмкін емес, өйткені шприцпен вакцина микроскопсыз алынады.

Демек, таралған видеода ұсынылған ақпарат өтірік, конспирология және псевдоғылыми. 5 G желілерінің қауіпсіздігі иондаушы емес сәулеленуден қорғау жөніндегі халықаралық комиссияның (ICNIRP) және Еуропалық Парламенттің қорытындыларымен расталды. Технологияның қауіпсіздігін растайтын тәуелсіз ғылыми зерттеулер де бар.

Олай босла, таралған роликке сенбеген жөн.