42 градус ыстық, жел, найзағай: 19 өңірде ескерту жарияланды

42 градус ыстық, жел, найзағай: 19 өңірде ескерту жарияланды
Сурет: ашық дереккөз

 «Қазгидромет» РМК 30 шілде күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атап айтқанда, Астана қаласында өрт тұтанудың жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында 30 шілде – 1 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Өрт тұтану қаупі жоғары.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Өңірдің батысында, шығысы мен оңтүстігінде күндіз 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында найзағай болжанады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде өрт тұтану қаупі жоғары, оңтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің батысында, солтүстік-батысында, орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз өңірдің басым бөлігінде 38-39 градус қатты ыстық және жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнап, күндіз басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады. Өрт тұтанудың төтенше жоғары қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығында найзағай күтіледі, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с құрайды. Өрт тұтанудың төтенше қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігі мен батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тау асуларында шығыстан жел тұрады, күші 15-20 м/с құрайды. 30-31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ аласында 30-31 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 30 шілде – 1 тамыз аралығында өрт тұтану қаупі аса жоғары болады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы күндіз найзағай кезінде 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Күндіз Костанай облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болжанады. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

30 шілде – 1 тамыз аралығында Алматы облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде өрт тұтану қаупі аса жоғары.