4 млн теңге айыппұлын төлемеген

4 млн теңге айыппұлын төлемеген
Сурет: Polisia.kz

Көлік иесі осынша сомадағы айыппұлды арқалап жүре берген.

Патрульдік полицейлер Түркістан облысы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу барысында ірі көлемде төленбеген айыппұлы бар жеңіл көлікті анықтады, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, Ордабасы аудандық ПБ ЖПҚ патрульдік полициясының қызметкерлері “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасы арқылы Темірлан кенті көшелерінің бірінен Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің 4 миллион теңгеден астам сомаға бұрын салынған әкімшілік айыппұлы бары анықталды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұраққа қойып, тиісті шаралар қабылдады. Сондай-ақ автокөлік иесіне айыппұлдарын уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол ережелерін сақтаудың және жолда мұқият болуды ескертеді.