Ильинге шұғыл ота жасалды

Ильинге шұғыл ота жасалды
Сурет:Forbes.kz

Әдетте, мұндай отадан кейін қалыпқа келу үшін алты ай уақыт керек.

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тізесіне ота жасатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әдетте, мұндай отадан кейін қалыпқа келу үшін алты ай уақыт керек. Алайда Ильин денсаулығы жақсы екенін, көп үзіліс алмайтынын айтты. Спортшы  жаттығуға қайта оралуға асық екенін жеткізді.

Былтыр Илья Ильин оқырмандарға шашын тақырлап алып тастағанын айтып, көпті таң қалдырған болатын. Кейін белгілі болғандай спортшы шашын қалыңдату үшін Түркияға барып, арнайы кішігірім ота жасатқан.

Мұндай процедура сиреп қалған шашты қалыңдату үшін арнайы ота арқылы жасалады. Адамның бас терісіне шаш талшықтары орналастырылады. Ота жергілікті анестезия арқылы жүзеге асырылады. 

Илья Ильин төрт рет (2005, 2006, 2014 және 2015 жылдары) ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанған.