4 миллионға жуық адам онлайн санаққа қатысты

4 миллионға жуық адам онлайн санаққа қатысты
Сурет: Іnform.kz

Әзірге Алматы қаласы мен Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстары көш бастап тұр.

Елімізде онлайн санақтан өткендер саны 4 миллионға жуықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Статистикаға сүйенетін болсақ, республикада sanaq.gov.kz сайтына 3 миллионнан астам тұрғын тіркелсе, eGov порталына 365 мыңға жуық азамат кірген. Ал, 144 мың 618 адам Aitu арқылы қатысыпты. 

Қазақстанда өтіп жатқан онлайн санақ 15 қазанға дейін жалғасады.